Маңғыстау облысы «EXPO-2017» халықаралық көрмесіне тың жоба ұсынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысы «EXPO-2017» халықаралық көрмесіне тың жоба ұсынады

12.09.2014
Маңғыстау облысы «EXPO-2017» халықаралық көрмесіне тың жоба ұсынады

«EXPO-2017» халықаралық көрмесінде Маңғыстау облысынан тың жоба көрсетілмекші.

«Эко су тазарту» мекемесі мұнай қалдықтарынан кемеге құятын жанар-жағармай шығарып жатыр. Жаңа құралдың қызметі қарапайым қалдықтардан суды, құмды және сұйық отынды бөліп тастайды екен.

Жобаның болашағына сенуге болады, себебі облыста 2,5 миллион тонна мұнай қалдығы бар.

Бұдан бөлек Ақтау порты кеңейсе, келіп-кететін кеменің саны да артады. Ал оларға қажетті жанар-жағармайды осы зауыт ұсынғалы отыр.

Жазира ӘБІЛ

Хабарламаларға жазылу