Вячеслав орта мектебінің аумағында «EXPO бағы» ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вячеслав орта мектебінің аумағында «EXPO бағы» ашылады

04.05.2015
Вячеслав орта мектебінің  аумағында «EXPO бағы» ашылады

5 мамыр күні «Астана EXPO-2017» Ұлттық компаниясының ұйымдастыруымен Ақмола облысы, Аршалы ауданы,  Вячеславка ауылындағы Вячеслав орта мектебінің  аумағында  «EXPO бағы» отырғызылады.

Ағаш отырғызу шарасына «Астана EXPO-2017» ҰК» АҚ басшылығы, Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілігінің өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламент депутаттары, Аршалы ауданының әкімдігі, ДШБ 68665 ә/б әскери қызметкерлері,  II дүниежүзілік соғыс ардагерлері, Аршалы ауданының құрметті азаматтары, сондай-ақ, Вячеслав орта мектебінің оқушылары мен мұғалімдері қатысады.

Шара соңында Вячеслав мектебінің оқушыларына «EXPO бағын сақтаушы» сертификаттары табысталады.

Айта кетейік, шара Жеңістің 70 жылдығына және «Астана EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне орай ұйымдастырылмақ. 

 

ФОТО: www.7dach.ru

Хабарламаларға жазылу