Қазақстанда әлемде баламасы жоқ аккумулятор жасалуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда әлемде баламасы жоқ аккумулятор жасалуда

21.10.2015
Қазақстанда әлемде баламасы жоқ аккумулятор жасалуда

Қондырғы 1 киловатт энергия береді. Бұдан бөлек, 360 градуста жарық беретін, 15 жылға дейін жарамды, қуатты 3-4 есе үнемдейтін шамдардың өндірісі қолға алынған, деп жазады ҚазАқпарат.

Астанада 2017 жылы өтетін EXPO көрмесіне ұсынылатын осындай 25 түрлі тың жоба таныстырылды. Жаңашылдықтарға толы ғылыми ізденістерді «Астана EXPO-2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен Энергетика министрі Владимир Школьник аралап көрді. Егер ғалымдардың баламалы қуат көздерін дамытуға бағытталған еңбектері тиімділігін дәлелдесе, халықаралық көрмеге қойылады. Ал, жобалардың іске асуына бизнесмендер атсалысып, мемлекет тарапынан да қаржыландырылуда.

«Әр жобаның бағасы әр түрлі. 2 жыл бұрын бағдарлама басталды. Бірақ оның алдында іргелі зерттеулер жасалған. Мысалы батареяларды біз EXPO-ға дайындап жатырмыз. Бірақ ол бүгін жасалған жоқ. Оның іргелі ғылыми зерттеу жұмыстары 5-6 жыл бұрын жасалған. Сондықтан қанша қаржы жұмсалды? Қандай бағада тұрады деп айту өте қиын», - дейді  техника ғылымдарының докторы, профессор Әбдікәрім Зейнуллин.

Хабарламаларға жазылу