Шалғай елді мекеннен сот процестеріне онлайн қатысуға болады

14.12.2018

Бұл «Smart сот» жобасы арқылы жүзеге асырылады. Осының негізінде уақытты үнемдеп, шығынды азайту көзделген. Биыл облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында 4000-ға жуық іс қаралса, соның 1000-ға жуығы аудан әкімдіктеріне қатысты болған. Ал, олар сотқа қатысу үшін, іссапарға қыруар қаржы шығындайды.

«Smart сот» - пилоттық жоба. Оның нәтижелі болатынына мамандар сенімді. 

Бақытбек Елшібеков, облыстық Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы:

- Мемлекеттік орган өкілдері де алыстағы ауданнан облыс орталығына келмей, интернет желісі арқылы арнайы қосымшаны  енгізіп, кабинетінде отырып-ақ, сот процесіне қатыса алады.

Ақерке БЕРІКБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу