Праймериз кезінде санитарлық талаптар қатаң сақталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Праймериз кезінде санитарлық талаптар қатаң сақталады

25.08.2020

Қауіпсіздік шараларын партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек пен еліміздің бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова бекітті. Қатысушылар маска тағып, қашықтықты сақтауы қажет. Кандидаттар мен партия мүшелерінің кездесуі тек онлайн өткізіледі.

Айта кетейік, бүгінде праймеризге қатысуға 8 мыңдай адам өтініш берген. Партияішілік сайлауға қатысуға өтінімді «Праймериз» мобильді қосымшасы арқылы жіберуге болады. Онда дауыс берудің шарттары мен жолдары көрсетілген. Атап айтсақ, онлайн түрде, веб-портал арқылы, бюллетендер және смартфон арқылы дауыс беруге болады. 

Фариза Мұсақызы

Хабарламаларға жазылу