Пошта қызметкерлері оқушыларға тапсырмаларды жеткізіп беруде

07.04.2020

Елімізде онлайн және телесабақтардан бөлек қолма қол тапсырмалар жеткізу арқылы да білім берілуде. Мәселен, Батыс Қазақстан облысында мектеп оқушыларының 2,5 пайызы осылай оқып жатыр. Бұл әдіс, әсіресе, интернеті нашар елді мекендерде кең қолданыста.

Шалғай ауылдағы 100 оқушының дені Еларна және Балапан арналары арқылы білім алса, аздаған бөлігі онлайн оқытуды таңдаған болатын. Алайда интернет жылдамдығының төмендігінен ата аналар бұл жүйеден де бас тартуға мәжбүр.

Ал Шығыс Қазақстандағы интернеті жоқ ауыл балаларына мұғалімдердің тапсырмасын «Қазпошта» қызметкерлері де жеткізіп беруге әзір. Қазір облыста 843 пошташы бар. Айтуларынша, олар үшін бұл аса қиын шаруа емес.

Бірақ алдымен «Қазпошта» мен аудандық білім бөлімдері өзара келісім шарт жасасуы тиіс. Өйткені қызмет ақылы. Ал әзірге пошта қызметіне зәру елді мекендер анықталу үстінде.

Рауан ДИАЛИ


Хабарламаларға жазылу