Президент инновациялық цифрлық ортаның дамып жатқанын айтты

20.11.2019
Президент инновациялық цифрлық ортаның дамып жатқанын айтты

Мемлекет басшысы Twitter-дегі парашасында Қазақстанның кибер мемлекетке айналуы тиіс екенін айтты.

«Цифрландыру – заман талабы. «Astana Hub» отандық инновациялық цифрлық ортаның дамуына мол үлес қосуда. «Digital Centre» (цифрлық ХҚКО) көптеген мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде көрсетеді. БҰҰ рейтингі бойынша Қазақстан 26-шы орында. «Astana IT University» және «Alem» бағдарламалау мектебінде IT-дарындарының жаңа буыны қалыптасып келеді. Олар – озық Қазақстанның қозғаушы күші. Қазақстан кибер мемлекетке айналуы тиіс. Еліміздің технологиялық келешегі жалынды жастарымыздың қарым-қабілетіне байланысты», - деді Президент.

Хабарламаларға жазылу