Астанада цифрлық таңбалау мәселесіне арналған жиын өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада цифрлық таңбалау мәселесіне арналған жиын өтті

08.02.2019

Цифрлық таңбалау - заман талабы. Бүгін елордада осы мәселеге арналған ауқымды жиын өтті. Шараға ҚР Премьер-министрінің орынбасары Асқар Мамин қатысты. Көлеңкелі сауда кез келген экономика дамуының негізгі тежеуіші. Сол себепті, сапалы әрі қауіпсіз тауар айналымын қамтамасыз ету үшін цифрлық таңбалауды енгізу шарт. Міндетті таңбалауға жататын тауарлар санатына темекі өнімдері, дәрі-дәрмектер, минералды сусындар, азық-түлік және интеллектуалды меншік жатады. Қазақстан 2020 жылға дейін аталған өнімдерді толықтай таңбалап, олардың саудасын толықтай қадағалауға әзір.

Бикеш Құрманғалиева, «Қазақтелеком» АҚ» Акт қызметтер жөніндегі басқарушы директоры:

- Қазір маркалау және қадағалау туралы заң әзірленіп жатыр. Соған сай, жалпыға ортақ бір оператор белгіленеді. Конкурста жеңген компания осы жұмысқа жауапты болады.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу