Елімізде екі жаңа министрлік құрылды

23.06.2019

Апта басында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен жаңадан екі министрлік құрылды. Елдегі мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында жасақталған құрылымның алғашқысы – Сауда және интеграция министрлігі. Министрлікке бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болған Бақыт Сұлтанов басшылық етеді. Үкімет құрамындағы 17-ші министрлік – Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі. Бұл құрылымның екі тізгін бір шылбыры 2014 жылдан Энергетика вице-министрі қызметін атқарған Мағзұм Мырзағалиевқа берілді. Жаңа басшы Мәдениет және спорт министрлігіне де тағайындалды. Саланы 5 жылдай басқарған Арыстанбек Мұхамедиұлының орнына 2016-жылдан бері орынбасары болып келген Ақтоты Райымқұлова жайғасты. 

 

Хабарламаларға жазылу