Ұлттық инвестициялық стратегия қабылданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық инвестициялық стратегия қабылданды

15.08.2017

Ел үкіметі 2018-2022 жылдарға арналған Ұлттық инвестициялық стратегияны бекітті. Аталған құжат аясында Қазақстан 2020 жылға қарай елге тартылатын тікелей инвестиция көлемін 2014 жылмен салыстырғанда 26 пайызға арттырмақ. Стратегияда Инвестициялар және даму министрлігі мен Дүниежүзілік банк инвестиция тартуға болатын экономиканың екі басым бағыттарын анықтаған. Оның бірі қазір жұмыс істеп тұрған өндірістер болса, екіншісі - туризм мен қаржы және жаңа технологиялар. Шетелдік инвесторлармен жұмыс істеу үшін аталған министрлік Сыртқы істер министрлігімен нақты жоспарларды да бекіткен. Ұлттық инвестициялық стратегия Үкімет отырысында қабылданды.

Айта өтейік, биыл инвестиция мен экспортқа тікелей жауапты екі бірдей ұлттық компания құрылды.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу