Елімізде Инвестиция және даму жөніндегі министрлік құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде Инвестиция және даму жөніндегі министрлік құрылды

06.08.2014
Елімізде Инвестиция және даму жөніндегі министрлік құрылды

Елімізде Инвестиция және даму жөніндегі министрлік құрылды. Бұл туралы бүгін Ақордада өткен  Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Н. Назарбаев мәлім етті.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, Индустрия және жаңа технологиялар, Көлік және коммуникация министрліктерінің, Байланыс және ақпарат, Ұлттық ғарыш агенттіктерімен өкілеттіліктері беріле отырып, Инвестиция және даму жөніндегі министрлік құрылды. Аталған салаға Әсет Исекешев басшылық ететін болады.

«Өздеріңіз де жақсы білесіздер, ол осы жылдар ішінде жұмыс істеп тәжірибе жинақтады және жұмысын одан әрі жалғастырады», -  деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, Елбасы бұған дейін Көлік және коммуникация министрі болған Жеңіс Қасымбекті аталған министрліктің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалғанын атап өтті. Ал, бұған дейін Байланыс және ақпарат агенттігінің басшысы болған Асқар Жұмағалиев Әсет Исекешевтің орынбасары қызметіне кіріседі.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу