Елімізде екі министрлік құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде екі министрлік құрылды

17.06.2019

  Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаулысымен Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі және Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі құрылды. Мемлекет басшысының нөмірі 17-қаулысына сай Сауда және интеграция министрлігіне Ұлттық экономика министрлігінен ішкі және сыртқы сауда саясаты, интеграция және тұтынушылар құқығын қорғау саласындағы функциялары мен өкілеттіліктері беріледі. Сондай-ақ, жаңа министрлікке экспортты ілгерілету мен техникалық реттеу, стандарттау секілді функциялар мен өкілеттіктер жүктеледі. Ал жаңа Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне қоршаған ортаны қорғау мен су қорын қорғау, сумен жабдықтау, орман шаруашылығы, геология саласындағы құзыреттер беріледі. Оның орындалуын бақылау Президент Әкімшілігіне жүктелді.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу