Қазақстанда 5 жаңа министрлік құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда 5 жаңа министрлік құрылды

06.08.2014
Қазақстанда 5 жаңа министрлік құрылды

Қазақстанда 5 жаңа министрлік құрылды. Бұл туралы бүгін Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Ақорданың твиттердегі ресми парақшасында.

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Ұлттық экономика министрлігі болып қайта құрылып,  Ерболат Асқарбекұлы Досаев басқарады.

Денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі болып қайта құрылып,  Тамара Босымбекқызы Дүйсенова басқарады.

Мәдениет министрлігі Спорт және мәдениет министрлігі болып қайта құрылып,  Арыстанбек Мұхамедиұлы жетекшілік етеді.

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Инвестиция және даму министрлігі болып қайта құрылып,  Әсет Өрентайұлы Исекешев жетекшілік етеді.

Жаңадан құрылатын Энергетика министрлігін Владимир Школьник басқарады.  

 

 

Хабарламаларға жазылу