Еліміздің 900-ге жуық ауыл дәрігерсіз отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің 900-ге жуық ауыл дәрігерсіз отыр

07.04.2019

Анау жоқ, мынау жоқ дейміз. Әлеуметтік мәселе таусылмайды ғой. Бірақ, ең қауіптісі - «дәрігердің» жоқтығы. Еліміздің 900-ге жуық ауыл қазір дәрігерсіз отыр. Үкімет отырысында Елжан Біртанов осындай дерек келтірді. Қазір әлеуметтік қамқорлық шаралары аясында аймақтарды аралап жүрген министр маманның жоқтығын, медициналық жабдықтардың әбден ескіргенін ашық айтады.

Жасыратын не қалды? Қазіргі дәрігерлердің көбі зейнет жасына жақындаған.  Алдағы 4-5 жылда кадр тапшылығы тіпті күрделене түсуі кәдік. Министрдің қолында тұрған не бар? Негізі әлеуметтік сала қызметкерлері, оның ішінде басқарып отырған медициналық мекемені дәрігермен қамтамасыз ету әкімдер айналысатын шаруа.

Жағдайларын жасап, үйлерін беріп, көтерме айлықтарын қойып, кабинеттерін жабдықтап берсе жас мамандар аудан түгілі ауылға да барады. Бірақ, ондайға құлықсыз әкімдер де бар екен. Оқу орындарынан жылына 3-4 мың маман түлеп ұшады. Бірақ, республика бойынша 1000- ға жуық дәрігер жетіспейді. Сонда жаңағы түлеп ұшқан мамандар қайда жүр? Ауылдағы медицинаның жай-күйі қалай? Өзекті мәселені Айнұр Омар зерттеді.

Айнұр ОМАР

Хабарламаларға жазылу