Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартып, чемпионы атанды. Нагояда өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында пара жүзуші бір алтын және екі күміс медаль жеңіп алды. Бүгінгі жарыс күніне Жапониядағы әріптесіміз Азат Қадырбек шолу жасайды.
Пара жүзушілердің асығы алшысынан түскен күн! Осыдан тура 10 жыл бұрын Рио Паралимпиадасында Зульфия Габидуллина алтыннан алқа алған еді. Жапониядағы кешенді жарыста тарихи жетістік қайталанды. Әуелде кешенді жүзу жарысында үздік үштіктен көрінген жерлесіміздің оң жаңбасына келетін бәсеке - шалқалай жүзуде Диас Кенжебек алдына жан салмады. 1 минут 1,98 секундта мәреге жетіп, жаңа Азия рекордын тіркеді.
Қазақстан құрамасының қоржынына бесінші алтын жүлдені татами шеберлері салды. J2 санатында 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Бексұлтан Құлмырза финалда Оңтүстік Корея өкілі Ким Донхунды жеңіп, бұл салмақтың үздігі атанды.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Азия Пара ойындарының
төртінші жарыс күнінде 7-медаль жеңіп алды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы