500 жас бір мезетте әнұран орындады
Республика күні қарсаңында Алматыдағы «Медеу» мұз айдынында «Республикам – Қазақстаным» атты патриоттық акция өтті. Шараға 500-ге жуық жас қатысып, Қазақстанның Мемлекеттік Туын желбіретіп, Әнұранды бірге орындады.
Патриоттық акцияны «Әділет» партиясының Алматы қалалық филиалының жастар қанаты ұйымдастырды. Басты мақсат – жастардың бойында отансүйгіштік рухты көтеру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру. Ұйымдастырушылар, мереке қарасаңында өтетін шаралар әрі қарай жалғаса беретінін айтты.
Айдар Күнтубай, «Жастар Рухы» жастар қанаты Алматы қалалық филиалының төрағасы:
Жастарға патриоттық сана-сезімді қалыптастыру, идеологиялық мақсатты қалыптастыру – біздің ең басты мақсатымыз. Жалпы бүгінгі шараға Алматы білім басқармасына қатысты колледждің студенттері, «Әділет» партиясының жастары жиналып отыр. Ертеңге біз тағы шара жоспарлап отырмыз. «Менің елім – менің туым» акциясын ұйымдастырайын деп отырмыз. Ол жерде әсем қала Алматының тарихи ғимараттарында көк туымызды желбіретіп, қала тұрғандарына бір әдемі көңіл-күй сыйламақпыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы