Басты Жаңалықтар Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті

Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті

Соңғы жеті жылда ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнім көлемі 5,2 трлн теңгеден 9,8 трлн теңгеге дейін жетті.

Агроөнеркәсіп кешені ел экономикасының негізгі тіректерінің біріне айналып келеді. Егіс даласындағы өнім көлемінің артуы, мал шаруашылығының өркендеуі, қайта өңдеу саласының ілгерілеуі  мен экспорттық әлеуеттің нығаюы – оң өзгерістердің көрінісі. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 7 млрд долларға дейін ұлғайды. Биыл қара мал, қой-ешкі мен жылқы саны айтарлықтай артты.  Жыл басынан бері 1,4 млн тонна ет пен 3 млн тонна сүт өндірілді. Салаға салынған инвестиция 1,2 трлн теңгеге жетіп, еңбек өнімділігі екі есе артты. Алдағы міндет – өндіріс тиімділігін арттырып, заманауи технологияларды енгізу, су ресурстарын үнемдеу және өнімді терең өңдеуді дамыту, дейді мамандар.

Жасұлан Ыбырайхан, ҚР АШМ Стратегиялық жоспарлау департаменті директорының орынбасары:

Ауыл шаруашылығының дамуына мемлекеттік қолдау инвестицтя көлемін арттыру және заманауи технологияларды енгізу оң әсер етті. Жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемі индексі 105.9 пайызды құрады.

Бөлісу