Елбасы Фидель Кастроның қайтыс болуына байланысты Куба билігіне көңіл айту жеделхатын жолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Фидель Кастроның қайтыс болуына байланысты Куба билігіне көңіл айту жеделхатын жолдады

27.11.2016
Ол кезінде қазақтың батыр ұлы Бауыржан Момышұлын кубаға арнайы шақырып, құрметті мейман еткенімен де белгілі. Кубада Б.Момышұлының әскери тактикасы арнайы пән ретінде оқытылуы әр қазақ үшін мақтаныш екені анық.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Фидель Кастроның қайтыс болуына байланысты Куба Республикасы Мемлекеттік кеңесінің және Министрлер кеңесінің төрағасы Рауль Кастроға көңіл айту жеделхатын жолдады.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Антонио Гутерришті жаңа қызметімен құттықтап, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүшелігі аясындағы Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықтың жанданатынына сенім білдірді.


Дулат НҰРКИН

Хабарламаларға жазылу