Ш. Ниязбековтің жарқын бейнесі тәуелсіз еліміздің жадында мәңгі қалады - Мемлекет басшысы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ш. Ниязбековтің жарқын бейнесі тәуелсіз еліміздің жадында мәңгі қалады - Мемлекет басшысы

16.08.2014
Ш. Ниязбековтің жарқын бейнесі тәуелсіз еліміздің жадында мәңгі қалады - Мемлекет басшысы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  қазақ өнерінің көрнекті өкілі, суретші Шәкен Ниязбековтің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Нұрсұлтан Назарбаев Ш. Ниязбековтің отандық көркем өнердің дамуына, туған елінің өркендеуіне зор үлес қосқан тұлға екеніне тоқталған.  

«Тума талант ретінде ол жұмыстарын патриоттық руһта жазды. Оның Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының авторы болуы - өз Отанын шексіз сүйгендігінің көрінісі», - делінген жеделхатта.

Соңында Мемлекет басшысы суретшінің жарқын бейнесі тәуелсіз еліміздің жадында мәңгі қалатынын атап өткен.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу