Президент Болат Аюхановтың жақындарына көңіл айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Болат Аюхановтың жақындарына көңіл айтты

13.12.2022

Мемлекет басшысы көрнекті мәдениет қайраткері, Қазақстанның халық әртісі Болат Аюхановтың қайтыс болуына байланысты отбасы мен туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Ерекше шығармашылық дарын иесі, өнер майталманы Болат Ғазизұлы отандық мәдениет саласы мен хореография өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосты. Адамгершілік және рухани құндылықтардан айнымай, өнерге қызмет етті, білімі мен тәжірибесін жас буынға үйретті. Болат Ғазизұлының жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады», – делінген жеделхатта.

Хабарламаларға жазылу