2016 жылдың бірінші қаңтарынан бастап «100 нақты қадамды» орындаудың практикалық кезеңі басталды.
Мынадай қилы заманда, жоспары жоқ жұрттың жұтап қалуы қазірде. Әлемдегі экономикалардың барлығы жаһанжанып, біріне-бірі кірігіп, жымдасып қалған дәуірде бірдің зияны екіншіні шарпуы да қазірде. Яғни, қанша дербес саясат жүргіздім десең де, экономика өзіңдікі бола алмайды.
Шекараны тарс жауып, есігіңді құлыптап, өз қарекетім өзімде деп тағы отыра алмайсың. Кейбір қауымдар секілді мейлінше, жабық қоғам құруға да болатын шығар, бірақ онда өзге жұрттан кемі жарты ғасыр кеміс болып қаларың да аныққа айналды.
Қазақстан озық отыз мемлекеттің санатына кіруге мүдделі. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев іргелі 5 реформаны жария етті. Оны жүзеге асырудың «100 нақты қадамы» да екшелді. 2016-шы жылдың бірінші қаңтарынан бастап «100 нақты қадамды» орындаудың практикалық кезеңі басталды.
Мұндай бағдарламаны өткен ғасырдың елуінші жылдары Жапония, Сингапур секілді озық елдер өздерінің басты бағдары еткен. Олардың даму қарқыны қазір бүкіл әлемге үлгі. Болмасақ та, ұқсап бағуға ұмтылған біздің ұлттың болашағы қандай?
Индустрияландырудың шапағатын барлық аймақтар анық сезінуде. Тек Іле ауданының өзінде осы бағдарлама шеңберінде 13 ірі өндіріс нысаны құрылып, 2 мың адам жұмысқа орналасты.
Қанат Жамадинов, зауыт операторы:
Үш жыл болды істегеніме. Жұмыс жақсы. Бір қалыпты. Айлық уақытында төленеді.
Осы өңірде жаңадан іске қосылған аллюминий зауыты тек өзімізден шығатын шикізатты өңдейді.
Нұрбол Сатыбалды, зауыт операторы:
Өзің шығарған нәрсе болғандықтан, көңіл толады. Қызығушылықпен істейсің. Бәрі өзіміздің елімізден жеткізіледі. Аллюминийлер де осы жерде құйылады. Бәрі отандық.
Индустриялдық жобаларға қажетті материалдар да өзімізде шығады. Құрылыс, мұнай-газ бен коммуналдық салаға арналған металл бөлшектері мен басқа да жабдықтар дайындайтын Теміртаудағы ірі кәсіпорын өнім шығаруды екі есеге арттырды. Мемлекет қолдауы арқасында су жаңа 7 қондырғы алған кәсіпорын жыл соңында Ресейден де өз бөлімдерін ашпақ.
Сержан Серіков, кәсіпорын жұмысшысы:
Жаңа технологияның арқасында біз күніне 10-15 балка жинайтын болдық. Біз бұрын күніне қолмен 2-3-ін ғана жинайтынбыз. Сапамыз жоғарылап өзіміздің өнімдерімізді шығарып жатырмыз. Шетелден сатып алудың керегі жоқ.
Былтыр ЕХРО қалашығындағы энергетикалық зерттеулер орталығы құрылысын аяқтаған зауыт өніміне әр өңірден сұраныс артқан.
Жанат Дәулетәлиев, кәсіпорын директоры:
Жамбыл облысының Жаңатас қаласындағы минералды тыңайтқыштар шығаратын зауыттың және Павлодар қаласындағы мұнай өңдеу зауытының құрылысы үшін тапсырысты орындап жатырмыз. 2016 жылы Ресей нарығына шығуды жоспарлап отырмыз. Екатеринбург, Челябинск қалаларында бөлімдерімізді ашамыз.
Құрылыс өндірісі де толық реформаланады. Сала жобаларының 90 пайызы жеке меншікке беріледі. Биылғы жылдың 1 қаңтарына дейін жобалар сараптамасының небәрі 20 пайызы ғана бәсекелестік ортада болса, қазір қосымша тағы 30 пайыз берілді.
Жыл сайын сараптамалардың 10 пайызы және беріліп отырады. Осылайша, 2020 жылға дейін жеке меншік аккредиттелген ұйымдар жобалардың жалпы санының 90 пайызына сараптама жүргізу құқына ие болмақ.
Мемлекеттік сараптама құзырында тек технологиялық күрделі жобалардың 10 пайызы ғана қалады. Қазіргі кезде 42 мемлекеттік емес сараптамалық ұйым аккредиттелді. Құрылыс жобаларын қабылдаудың «бір терезе» қағидаты бойынша мекемеден тыс кешенді сараптама жүргізу үшін бірыңғай портал іске қосылды.
Ерболат Досаев, ҚР Ұлттық экономика министрі:
Құрылыстың басталуы туралы хабарламаны бір күннің ішінде электронды түрде беру қамтамасыз етілді. Жеке сараптамалық ұйымдардың жүргізілуі де ресурстық әдіс енгізілді және еурокодтар жүйесіне ауысу басталды.
Ұлт жоспарының үшінші бағытында индустрияландырумен қатар ауыл шаруашылығына аса мән берілген. Былтыр өсім көрсеткен саланы соны реформалар күтіп тұр.
Атқарушы органдар биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап 1,7 миллион гектар ауыл шаруашылығы жерлерін саудаға шығарады. Оның 645 407 гектары дайын. Ең көп жер — Қостанай, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облысында.

Қазіргі жалға алушыларға, жерді сатып алуға 10 жылға бөліп төлеу арқылы оның кадастрлік құнының 50 пайызы мөлшерінде жеңілдіктер берілетін болады. Ал жердің кадастрлік құны аукционға шығаратын жер учаскесінде бастапқы бағасы болып табылады.
Жалпы, Ұлт жоспарының ең ауқымды үшінші бағыты үшін былтыр 30 заң мен 289 заң актісі қабылданды. Биыл 152 нормативтік құқықтық акті, оның ішінде 2 Кодекс пен 4 Заң әзірленеді. Нақты жүз қадам аясында өндірістің өркендеуіне жәрдем болатын шетелдік инвесторлардың құқығын қорғау тетігі нақтыланған.
Ұлт жоспарының екінші бағыты - заңның үстемдігін қамтамасыз ету үшін 19-қадам қарастырылған. Былтыр Парламент қабылдаған тиісті заңдар биыл күшіне енді. «Жергілікті полиция қызметі» құрылып, сот орындарында қызмет ету талабы күшейді.
Марат Бекетаев, ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары:
Сот бақылауын күшейту және азаматтардың құқықтарын қосымша қорғау мақсатында сотқа төрт тергеу қызметіне санкция беру өкілеттігі берілді. Бұл қарап тексеру, тінту, алу және жеке басын тінту. Жыл басынан бері бұлар бойынша сотқа мың 715 материал түскен.
Бұдан былай барлық сот процестері бейнекамераға түсіріледі, дыбысы жазылады. Олардың көшірме нұсқасын алдыртуға толық мүмкіндік те бар.

Сот ісін ашық өткізу мақсатында сот мәжілісі залдарын сот процестерін бейне және таспаға жазуды қамтамасыз ететін жаңа жүйелермен жабдықтау жұмысы жалғасуда. Қазір осындай жүйемен 1050 зал немесе 75 пайызы жабдықталған. Бұл жұмыс жыл соңына дейін аяқталады.
Істі қарау кезінде прокурорлардың қатысуы азайтылған. Нәтижесінде былтырға қарағанда, соңғы екі айда сот істеріне олардың қатысуы 35 пайызға азайған. Жеке сот орындаушылар институтына басымдық берілгендіктен жыл басынан бері оларға 250 мың іс түскен.
Ал, елдегі 5 сатылы сот жүйесі 3 сатыға көшті. Сондықтан, биыл Жоғарғы Соттың 33 судьясының қатарына жер-жерден білікті 32 судья қосылды. Олар енді 23-ші қадамда міндеттелген инвесторлар қатысатын дауларды қарайды.
Жазбек Әбдиев, ҚР Жоғарғы соты, Департамент басшысының орынбасары:
Жоғарғы соттың ішінен қазір сот коллегиясы құрылды. Сол реформаға байланысты ол инвестициялық дауларды қарайды. Сондай-ақ, шетел тілін біледі. Секретариат та тәжірибелі. Дауларды қарау мерзімі де қысқартылып отыр.
Қазір судьяларға да, судьялықтан үміткерлерге де талап күшейді. Нәтижесінде, облыстық судьялар Жоғарғы сот тағылымдамасынан өтеді. Еліміздің төрт тарабынан келген төрелік иелері кәсіби білікті мамандардан дәріс алып, Жоғарғы сот жұмысымен жіті танысады.
Гүлсім Таңатова, Қызылорда облыстық сотының судьясы:
Елбасының «100 қадам» бағдарламасында да «соттар өз деңгейін көтеру керек» деп көрсетілген. Судьяларға талап күшейтілгені өте дұрыс. Жоспарда көрсетілген тақырыптар өте маңызды. Біздің жұмыста пайдасы тиеді деп ойлаймын.
Ұлт жоспарына сәйкес, судья лауазымына үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары күшейтілді. Сондай-ақ, 5 жыл қызмет өтілі бар мамандардың кәсіби қызметін бағалау кестесі бекітіліп отыр.
Осылайша, судьялар тәжірибесін үнемі жетілдіріп әрі есеп беріп отырады. Ал, сот үкімін бұрынғыдай жылдап күтпейсіз, жарты жылда қолға тиеді. Қазір жаңа Этикалық кодекс те әзірленіп жатыр.
Ержан ҚАЛЫМБАЙ