Семейде «Адал адам – адал еңбек» жәрмеңкесі өтті
Семейде «Адал адам – адал еңбек» атты бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Әлеуметтік маңызды шара жұмыс берушілер мен жұмыс іздегендер үшін таптырмас алаң. Жәрмеңкеге 26 мекеме қатысып, 135 бос жұмыс орнын ұсынады. Жалпы, өңірде 685 жұмыс орны бар. Негізінен мүгедектігі бар азаматтар, пробация есебіндегі және бас бостандығынан босап келген тұлғаларды жұмыспен қамтуға басымдық берілді. Сонымен қатар колледж бен жоғары оқу орнын жаңа бітірген түлектер үшін алғашқы жұмысқа орналасуға мүмкіндік бар. Биыл облыста 13 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құру жоспарланса, оның үштен бірі қазірдің өзінде іске асқан. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жәрмеңке адал еңбекке сұранысты арттырып, халықтың табысын көбейтуге ықпал етеді.
Адель Бөкешова, студент:
4 курс студентімін. Бастауыш мұғалімі мамандығында білім алып жатырмын. Бүгін біз оқу орнымызбен бірге осы «Адал адам – адал еңбек» жәрмеңкесіне келдік. Көптеген мағлұмат алып, өзімізге керекті ақпараттарды жинаймыз деген ойдамын.
Айман Нұрлыбек, жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы:
Абай облысының әкімдігі, облыстық прокуратурамен бірлесіп, Президентіміздің тапсырмасына сәйкес «Адал еңбек – адал азамат» акциясы арқылы бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастырып отырмыз. Қазіргі таңда 685 бос жұмыс орыны ұсынылып отыр. Біздің жәрмеңкенің басты мақсаты – әлеуметтік осал азаматтарды, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды, сонымен қатар пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды жұмыспен қамту.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17