Ж.Жабаевтың 180 жылдығына халықаралық айтыс басталды
Жыр алыбы Жамбыл сұрапыл соғыс жылдарында айналасындағы ауылдарға ай сайын қаржылай қолдау көрсетіп, ас-ауқатпен де қамтып отырған. Тың деректі 16 жастағы тараздық оқушы Інжу Жаңабай халықаралық аламан айтыста айтты.
Бүгін Тараз төрінде Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына орай «Жамбыл – менің жай
атым, Халық – менің шын атым» атты халықаралық аламан айтыс басталды. Сөз сайысына қатысып жатқан қаладағы №3 мектеп
лицейінің 11 сынып оқушысы Інжу тарихи деректерді тынбай іздегенін айтады.
Кітапхана кезіп, кітап ақтарып, жоғары дайындықпен келген қаршадай қыз ересектер
арасындағы айтысқа алғаш рет қатысып отыр. Үкілі бөрікті оқушы үлкен сахнада
Мұхтар Ниязовпен айтысып, тең түсті. Жалпы ақынның аты ардақталып жатқан
дүлділдер додасына Қазақстан мен Қырғызстаннан 12 айтыскер келді. Олардың ортақ
мақсаты – Жамбылды жаңа қырынан
ашып, оның тұлғалық қасиетін таныту.
Інжу Жаңабай, айтыскер:
Жамбыл Жабаевты барынша зерттедік. Бұдан бұрын да Жамбыл Жабаев туралы көп мәліметтер білетінбіз. Тереңнен ешкім айтпаған тың деректерді табуға тырыстық. Кезінде Жамбыл Жабаев соғыс кезінде 300 үйді қаржылай болсын қамтып отырған екен. Жамбыл Жабаевтың аты өшпейді, елі барда, біз секілді Жамбыл облысының кішкентай оқушылары, жастары барда.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16