Астанада 200 студент экоакцияға қатысты
Тазалық айлығы жалғасып жатыр. Қайым Құлжанов атындағы қазақ технология және бизнес университетінің 200 студенті оқу орнының ауласын қоқыстан тазартты. Астана қалалық әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен ауқымды экоакция жайлы тілші бейнематериалында.
Мұндай науқан студенттер үшін игі дәстүрге айналған. Апта сайын қолы бос жастар
жиналып, университет маңын шөп-шалаң мен қоқыстан тазартады.
Ақкербез Сағын, студент:
«Таза Қазақстан», «Таза қала» жобасы осындай кішігірім істерден басталады. Біз қаламыздың, еліміздің таза болғанын қолдаймыз.
Парвиз Кенжеев, студент:
Біздің мақсатымыз – осы универіміздің алдын таза ұстау. Адамдар тамсанып қарайтындай.
Бұл жолғы тазалық жұмыстарына 200 студент атсалысты. Университет басшылығының
айтуынша, шараның басты мақсаты – аумақты тазарту ғана емес, жастардың
экологиялық мәдениетін қалыптастыру.
Саят Бердіғалиұлы, Қ.Құлжанов атындағы Қазақ технология және бизнес
университетінің проректоры:
Әр сенбі сайын жеке-жеке факультеттермен, колледж студенттерімен кезектесіп, сенбілікке шығады. Соның бір шарасы ретінде «Таза Қазақстан» аясында әкімшілікпен бірлесіп жасап жатқан сенбілігіміз.
Шара соңында студенттер «Таза
Қазақстан» туын желбіретті. Айта кету керек, биыл акция аясында қала аумағынан
230 тонна қоқыс шығарылған. Игі науқанға 40 мыңға жуық адам қатысқан. Бұл
жұмыстар жалғасады. Ертең елорда бойынша жаппай сенбілік ұйымдастырылады.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Семейде «Адал адам – адал еңбек» жәрмеңкесі өтті
24.04.2026, 17:40
«Тараз - қолөнершілер қаласы»: ІV халықаралық фестиваль басталды
24.04.2026, 17:37
Жалағаш халқы жаппай көшет екті
24.04.2026, 17:35
Ақтөбе облысында киіктерді санап шықты
24.04.2026, 17:30
Қызылордада жас сайлаушылар клубы форум өткізуде
24.04.2026, 17:27
Теміртауда 170 шақырым жылу желісі жаңартылды
24.04.2026, 17:25
Алматыда көлік салығын төлемегендердің қарызы ₸7 миллиардтан асқан
24.04.2026, 17:22
Англияда мектепте смартфон ұстауға тыйым салынды
24.04.2026, 17:20