«100 жаңа есім» жобасына биыл 4 мыңдай өтінім түскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«100 жаңа есім» жобасына биыл 4 мыңдай өтінім түскен

13.02.2019

Сан салада саңлақ бар. Бірақ, еңбегімен ерекше көзге түскендерді ел өзі таңдап алды. Мәселен, «100 жаңа есім» жобасына биыл 4 мыңдай өтінім түскен. Ал дауыс бергендер саны 100 мыңнан асып жығылады. Атың шығып, абыройың артып жатса – талмай талаптанғанның нәтижесі. Ондай тұлғалар қашанда бағалануы тиіс,-деді Елбасы.

Үздіктер сапында «Пифагор» атты үлгілі оқыту әдісін ұсынған азамат және тағдырдан теперіш көрсе де талай шыңды шыдаммен бағындырған спортшы болды. Бірі білімді ұрпақ тәрбиелеуге күш салса, екіншісі елдің атын паралимпиадалық жүзуден әлемдік додаларда танытуды қалайды. 

Асан Жолдасов, «Пифагор» компаниялар тобының жетекшісі:

Біздің компанияда 1500 оқушымыз бар. 1500 ең талантты Астана, Алматы, Тараздың оқушылары оқып жатыр. Әр класстағы балалар егер жақсы оқыса олар грант алады.

Ержан Сәлімгереев, халықаралық дәрежедегі спорт шебері:

Арманым өзімнің туған өлкем еркін қала аумағында болашақ чемпиондарды тәрбиелеу болса, ал алға қойған мақсатым - Жапония, Токиода өтетін жазғы паралимпиада ойындарында жеңімпаз болу.

Нысаналы ЫҒЫЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу