«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына үміткерлер іріктеліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына үміткерлер іріктеліп жатыр

27.07.2017

Бұл туралы осы тақырыпқа арналған «SarapTime» сарапшылар клубының отырысында белгілі болды. Бүгінде түрлі жастағы сан қилы мамандық иелерінен мыңнан астам өтініш келіп түскен. Жобаға есімі елге беймәлім, бірақ, қоғамға зор пайдасын тигізген еңбек ерлері қатыса алады. Болмаса, кез келген адам айналасындағы өмір жолы ерекше, жеткен жетістігі бар адамдар туралы өтініш жібере алады. Ол сіздің отбасыңыздың мүшесі, көршіңіз, досыңыз, әріптесіңіз яғни, қасыңыздағы қарапайым жан болуы мүмкін. Басты талап – ол Тәуелсіз Қазақстанның дамуына сүбелі үлес қосқан тұлға болуы шарт. Ол үшін арнайы іске қосылған 100esim.el.kz сайтына тиісті ақпаратты жіберу керек. Түзілген тізімді сосын сарапшылар сұрыптамақ.  

 

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу