Бастамашыл топ «Жаңа есімдерді» іздейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бастамашыл топ «Жаңа есімдерді» іздейді

25.08.2017

«Бюро 100» бастамашыл тобы Павлодар облысының белсенді азаматтарымен кездесті. Топтың көздегені Елбасының «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» мақаласында айтылған «100 жаңа есім» жобасына үміткерлерді іріктеу. Бастамашыл жастар «100 жаңа есім» жобасын халық арасында кеңінен насихаттап, ұлттық деңгейге көтеруге көмектесуде.

Сондықтан әр өңірге барып жобаның мақсатын, басты талаптарын айтып, насихаттауда. Республика бойынша 1500 адамның кандидатурасы жобаға ұсынылды. Павлодар облысынан 56 үміткер бар.  

Салтанат НЫСАНБЕКОВА

Хабарламаларға жазылу