«100 жаңа есім» жобасының жаңа кезеңі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«100 жаңа есім» жобасының жаңа кезеңі

04.09.2018

Республикалық «100 жаңа есім» жобасының жаңа кезеңіне үміткерлерді іріктеу басталды. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында баяндалды. Өтінім осы жылдың қазан айының ортасына дейін 100esim.el.kz сайты арқылы қабылданады. Аталған жоба кәсіби салада жетістікке жеткен, өз жолы өзгеге үлгі болатын адамдарға арналады. Осымен екінші жыл ұйымдастырылып отырған «100 есімнің» биылғы ерекшеліктеріне келсек, үміткер өзін-өзі және оны  ұйым атынан ұсынуға болады. Сонымен қатар, үкіметтік емес ұйымдар өкілдеріне басымдық берілетіні айтылды. Бұдан өзге, былтырғы іріктеу кезеңінен өтпей қалған үміткерлер биыл тағы да өтінім беруге құқылы.

 

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу