«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының дауыс беру кезеңі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының дауыс беру кезеңі басталды

25.03.2021

«100 жаңа есім» жобасының 4- маусым қатысушыларына дауыс беру басталды. 

Дауыс беру үшін 100janaesim.ruh.kz сайтына кіріп, фотосуреттердің астындағы «дауыс беру» түймесін басу қажет. Бір IP-мекенжайдан бір адамды таңдауға болады. Дауыс беру 31 наурызға дейін жалғасады. 

Айта кетейік, биыл жобаға қатысуға 7 номинация бойынша 2 790 адамнан өтініш түскен. Солардың ең көп балл жинағаны және қазылар алқасы іріктегені жеңімпаз атанады. Қазылар құрамында өткен жылдардағы жоба жеңімпаздары бар.

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу