«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына қатысудың ережесіне өзгеріс енгізілді. Енді аталған шараға үкіметтік емес ұйымдардың атынан өкіл ретінде қатыса аласыз. Айта кетейік, былтыр жеке тұлғалардың өтініші қабылданған. Жаңа тәртіп бойынша, кез келген қоғамдық ұйым өз атынан дарынды жастарды ұсына алады.
Бұл туралы Қоғамдық даму министрлігінің өкілдері хабарлады. Дәл қазір республика бойынша «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының екінші кезеңіне өтініштер қабылдау жүріп жатыр. Оған әртүрлі салада таңқаларлық жетістікке жеткен жастар қатыса алады.
Өтініштер «100esim.ei.kz» порталы арқылы қабылдануда. Атаулы шараның басты мақсаты - еліміздегі ерекше дарын иелерін анықтап, жалпы бұқараға үлгі ретінде насихаттау. Жастардың еңбегін қоғамдық сананы дамытуға қозғаушы күш ретінде қолдану.
Мақсат Мәжитов, ҚР Қоғамдық даму министрлігінің басқарма басшысы:
- Қазан айының ортасына дейін құжаттар қабылдау аяқталады. Содан бастап дауыс беру басталады.
Ербол МӘНДІБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.