Бір жұмысты он жыл үздіксіз істесең, сөз жоқ, арманыңа жетесің - Елбасы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бір жұмысты он жыл үздіксіз істесең, сөз жоқ, арманыңа жетесің - Елбасы

13.02.2019
Бір жұмысты он жыл үздіксіз істесең, сөз жоқ, арманыңа жетесің - Елбасы

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «100 жаңа есім» жобасының екінші кезеңіне өткен жеңімпаздармен кездесуде. Кезекті спикер шығып, өзінің табысқа жету жолы туралы айтып жатқанда Мемлекет басшысы маңызды бір мәселеге назар аударды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Табысқа жету үшін бір нәрсені үнемі жасап отыру қажет. Бір жұмысты бастағаннан кейін шамалы уақыт жасап, шаршадым деп тастап кетсең, ештеңе шықпайды. Дұрыс па? Ал ол жұмысты он жыл үздіксіз істесең, сөз жоқ, арманыңа жетесің», - деді Н.Назарбаев. 

Айта кетейік, Астанадағы «Қазмедиа» орталығында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының екінші кезеңі жеңімпаздарымен кездесуі өтіп жатыр. 

inform.kz

Хабарламаларға жазылу