«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының екінші кезеңіне өтініш беру жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының екінші кезеңіне өтініш беру жалғасуда

15.10.2018

Қатысушылар өздерін немесе оларды «el.kz» сайтында қазанның 29-на дейін тіркей алады. Бүгінде Астана қаласы әкімдігіне үкіметтік емес ұйымдардың тарапынан 50-ге жуық үміткер ұсынылған. Осыған байланысты елордада баспасөз мәслихаты өтіп, оған жобаның алғашқы жылының жеңімпаздары шақырылды. Олар Астананың жастары мен тұрғындарын жобаның екінші кезеңіне белсене қатысуға шақырды. Атап айтсақ, осы тізімге енген Паралимпиада чемпионы Серік Есматов, жас режиссер Айдие Айдарбеков келіп, жобаның маңызымен, оның мүмкіндіктерімен таныстырды. «100 жаңа есімнің тізіміне» кәмелет жасқа толған, қызметі арқылы ел дамуына үлес қосқан, жалпытұлғалық қасиеттері арқылы ерекшеленген адамдар қатыса алатынын айта кеткен жөн.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу