«Сиқырлы кілт» мультфильмі жарыққа шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сиқырлы кілт» мультфильмі жарыққа шықты

14.06.2018

«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Сымбат Әбдірахманованың  «Сиқырлы кілт» атты жаңа  мультфильмі жарыққа шықты. Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойына арналған танымдық-фантастикалық туынды Сыр өңірінің тарихы мен тыныс-тіршілігінен сыр шертеді. Мультфильм кейіпкерлері облыс аудандарын аралап, әр өлкенің ерекшелігімен танысады. Қызықты саяхат негізінде өрілетін туынды туған жерден түлеген тұлғалар мен қасиетті, киелі орындарды дәріптейді. 

Сымбат Әбдірахманова, мультфильм авторы:

- Негізгі кейіпкерлері Ару, Мәди және Әли. Бұл жерде көп мәселеге мән бердім. Мысалы, автобуста үлкенге орын беру, үлкенге көмектесу, жануарларды қинамау, қоқыс тастамау деген сияқты мәселелерге маңыз қойылып, соларды үйлестіре отырып жасалынды. Алты ай уақыт кетті.

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу