«Президент» жинағы жарыққа шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Президент» жинағы жарыққа шықты

03.07.2015
«Президент» жинағы жарыққа шықты

Бүгін Астанада «Президент» атты жинақтың тұсауы кесілді.

«Егемен Қазақстан» газетінің бастамасымен жарық көрген туындыда Елбасы мен оның іргелі істері туралы баяндалған.

Кітап соңғы бес жыл ішінде Мемлекет басшысы туралы жарияланған алуан түрлі мақалаларды қамтиды.

Сондай-ақ, жинақта ақындардың ода, толғау, тілек мазмұнында айтылған бір топ өлеңі де бар. Қазақстан Президентінің маңызды кездесулерден түсірілген суреттері де туындының мазмұнын толықтыра түскен.   

 

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

Хабарламаларға жазылу