Жас аниматор Бекзат Исамбергенов 2017 жылы ұсынылатын «Мұзбалақ» мультфильмін жасауда (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жас аниматор Бекзат Исамбергенов 2017 жылы ұсынылатын «Мұзбалақ» мультфильмін жасауда (ВИДЕО)

02.03.2016
Жас аниматор Бекзат Исамбергенов 2017 жылы ұсынылатын «Мұзбалақ» мультфильмін жасауда (ВИДЕО)

Жас аниматор Бекзат Исамбергенов көрермендерге 2017 жылы ұсынылатын «Мұзбалақ» толықметражды мультфильмінің анимациясын жасауда.

Кішкентайынан комикс, антропоморф кейіпкерлерін және тағы да басқа көркем образдарды салып үйренген суретшінің өсе келе анимацияға қызығушылығы артады.

 «Балаларды жақсылыққа баулу қажет. Бүлдіршіндеріміз өз еліміздің туындыларын тамашалап өссе деген мақсатпен осы салаға келдім», дейді ол.

Суретші туындыларынан авторлық ерекшелік бірден байқалады. Ол шынайлыққа жанаспайтын бейнелерді салып, жануарларға ерекше түс бергенді ұнатады.

Алғашқы туындыларын қазақ поэзиясының кейбір үлгілері бойынша жасалған «Сиқырлы кітаптар» атты мультхикаядан көруге болады. Осыдан кейін оның жұмыстары режиссер-аниматорлардың назарына бірден ілігеді. Осылайша, 2014-2015 жылдары ұсынылған «Тастүлек», «Үш сыйлық» атты қысқаметражды мультфильмдерге 2 D форматында анимациялық суреттер салуды ұсынды.

 Ал, қазір дайындап жатқан «Мұзбалақ» мультфильмі жас буын санасына саятшылық пен құсбегілік өнерді дәріптейді.  Сценарий авторы - Ербол Бораншы.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

 

Хабарламаларға жазылу