«Миньондар» мультфильмі 2015 жылы жарыққа шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Миньондар» мультфильмі 2015 жылы жарыққа шығады

28.11.2014
«Миньондар» мультфильмі 2015 жылы жарыққа шығады

«Жексұрын мен» («Despicable Me») анимациялық фильмінің приквелі (приквел – жарық көрген туындыдағы оқиғадан бұрынғы іс-әрекетті баяндайтын кинофильм немесе кітап) «Миньондар» картинасы 2015 жылы экранға шығады. Мультфильм миньондардың қалай пайда болғаны туралы.

Миньондар – бір клеткалы организмдерден пайда болған сары түсті тіршілік иелері. Олар әлемдегі зұлымдардың көмекшілері. Картинада Кивин мен оның екі досының басынан өткен оқиғалары баяндалады.

Режиссері - Пьер Коффин, Кайл Балда. Сценарий авторы - Брайан Лич. Рөлдерді дыбыстағандар – Сандра Баллок, Джон Хэмм

Хабарламаларға жазылу