Әмен Қайдар – қазақ балаларының жанына азық болған туындылардың авторы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әмен Қайдар – қазақ балаларының жанына азық болған туындылардың авторы

06.02.2015
Әмен Қайдар – қазақ балаларының жанына азық болған туындылардың авторы

Бәрімізге бала кезден етене таныс «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?», «Ақсақ құлан», «Қырық өтірік», «Күн сәулесі», «Сиқырлы кілем», «Құйыршық» және «Тағдыр» секілді талай мультфильм қазақ балаларының жанына азық болды. Әмен Қайдардың өзін талантты аниматор ретінде танымал етті.

«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультфильмі 1968 жылы Бүкілодақтық кинофестивальде озып шықты. Ал, 1975 жылы Нью-Йоркте өткен халықаралық бәйгеде топ жарды. Бұл туынды әлемнің 48 елінде көрсетілген.

Әмен Қайдар  II Дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Қазақстан Суретшілер одағының басқарма төрағасы болды. 1993 жылдан бері қарай Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында  дәріс оқыды.

Анимация – инемен құдық қазғандай ауыр жұмыс. Мультфильмдегі бір секунд үшін 24 сурет салынады. Сонда он минуттық туындыға 14 мың сурет керек. Осының өзі Әмен Қайдардың қазақ өнеріне қаншалықты еңбек сіңіргенін аңғартады.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу