Қырғызстандық үміткер «Silk way star» жобасында «Сен сұлу» әнін орындады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғызстандық үміткер «Silk way star» жобасында «Сен сұлу» әнін орындады

05.11.2017

«Silk way star» жобасының әр жарыс күні бір тақырыпқа арналады және бүгін қатысушылар классикаға айналған қазақ әндерін орындады. Сонымен қатар, үміткерлер «Мен Қазақстанды не үшін жақсы көремін?» деген сұраққа жауап беруге тырысты.

«Silk way star»  байқауында қазақ музыкасы мұхитына қайық салған алғашқы үміткер қырғыз елінен келген дарынды әнші Омар.

Іргелес көрші, ажырамас дос қырғыздың ұлы ары мен жаны сұлуларға арналған тамаша әнді таңдаған екен. Ол «Сен сұлу» деп аталады.

Сондай-ақ, қандас бауыр «Мен Қазақстанды не үшін жақсы көремін?» деген сұраққа «Қазақстан маған халқымен ұнайды. Табиғаты қанша сұлу болса да, адамдарының жаны сұлу болмаған жер еш әсер қалдырмасы анық. Қазақстанда бір рет болған адам бұл елдің қонақжайлылығын көпке дейін ұмытпайды» деп жауап берді.

Қазылар алқасының мүшесі Мансур Ташматов (Өзбекстан):

- Мен қазақ тілін аса білмеймін. Бірақ, маған бәрі түсінікті болды... Омардың өз даусын толық игеруі, дауыстан фальцетке, фальцеттен дауысқа жеңіл өтуі өте тамаша.

Хабарламаларға жазылу