Айқын «Silk Way Star» сахнасында Элвис Преслидің «Heartbreak hotel» әнін шырқады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айқын «Silk Way Star» сахнасында Элвис Преслидің «Heartbreak hotel» әнін шырқады

14.10.2017

Бүгін «Silk Way Star» қатысушылары әлемнің ең танымал хит әндерін орындады және «Silk Way Star» сахнасына бірінші болып еліміздің жарық жұлдызы Айқын шықты.

«Сахнаға шыға салып, ән айта салу оңай емес. Ол өмірлік тәжірибемен келеді. Сахнада күліп, өзімізді әдемі ұстап тұрсақ та, оның артында көптеген қиыншылықтар жатыр. Ал, сол қиыншылықты жеңу, оны көрсетпеу – әншілік, кәсібилік деңгейдің жоғары екенін көрсетеді», - дейді Айқын.

Танымал әнші бүгін Элвис Преслидің «Heartbreak hotel» атты әнін орындады.

Қазылар алқасының мүшесі Вильдан Яруллин (Башқұртстан):

- Менің ойымша, бүгінгі өнер көрсетуің сәтті шықты. Әр жарыс күні мені таңғалдырып келесің. Сахнада жақсы ойнайсың, әніңмен өмір сүресің. Сол үшін де сен шырқаған ән әр көрерменнің жүрегінен орын алды. 

Естеріңізге сала кетейік, «SILK WAY STAR» халықаралық музыкалық байқауы «Qazaqstan» Ұлттық арнасынан әр сенбі сағат 21:15-те эфирге шығатын болады.

Хабарламаларға жазылу