Төреғали мен түрік қызының орындауындағы «Алло» әні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Төреғали мен түрік қызының орындауындағы «Алло» әні

26.11.2017

«Silk Way Star» жобасында қазақ әнін ең жиі орындаған үміткер түрік қызы екен. Сондықтан да бүгінгі жарыс күні Фулиннің айы оңынан туды деуге болады. Себебі, ол Төреғали Төрәлімен бірге еліміздің хиттерінің бірі «Алло» әнін орындады.

Байқауда Түркия елінің намысын қорғап жүрген әншінің айтуынша, поп жанрындағы қазақ әндерін шырқау өзіне өте ыңғайлы.

 

«Төреғали деген есімді естіген кезде қыздардың барлығы есінен таңғандай болып қалатын. Алғашында түсінбедім. «Құдай – ау Бред Питт келе ме» деп ойладым. Сахнада өзіне сеніп қалған екі жұлдыздың тартысы бола ма деп қорқып едім, жылы жүзді жігіт екен», - дейді Төреғалимен танысуынан алған алғашқы әсерімен бөліскен Фулин.

 

Қазылар алқасының мүшесі Тамара Аптсиаури (Грузия):

- Фулин, мен сенің тырысып жүргеніңді көріп жүрмін. Сен сахнаға шыққан сайын жақсара түсесің. Сахнада өзіңді еркінірек сезініп жүрсің. Рахмет саған.

Хабарламаларға жазылу