Шығыстың сері жігітінің орындауында John Legend-тің «All of me» әні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыстың сері жігітінің орындауында John Legend-тің «All of me» әні

14.10.2017

Жүректің жасы қашан да 20-да. Сондықтан да, махаббат туралы әнді үлкен де, кіші де сүйіп тыңдайды. «Silk Way Star» байқауының ендігі кезегі тағы бір махаббат балласына берілді. Оны Шығыстың сері жігіті орындады. Дәлірек айтсақ, ол Тәжікстан елінің тумасы Сафармұхаммад.

«Үшінші кезеңде John Legend-тің «All of me» әнін орындаймын. Бәріміздің өмірімізде махаббат кездеседі. Сондықтан, «All of me» мен туралы», - дейді тәжік әншісі.

 Қазылар алқасының мүшесі Озден Бора (Түркия):

- Меніңше, сен әнді керемет орындап шықтың. Бүгін сахнада өзіңді ұстағаның, киген киімің, барлығы қатты ұнады. Бүгін көңілімнен шықтың.

Айта кетейік, «SILK WAY STAR» халықаралық музыкалық байқауы «Qazaqstan» Ұлттық арнасынан әр сенбі сағат 21:15-те эфирге шығатын болады.

Хабарламаларға жазылу