Тайваньға «Лекима» тайфуны қауіп төндіріп тұр
Тайваньға төніп келе жатқан «Лекима» тайфунына байланысты елде ең жоғарғы қауіптілік деңгейі жарияланды. Жергілікті синоптиктердің хабарлауынша, дүлей дауыл аралға сенбі күні соққы береді. Қазір ол сағатына 15 шақырым жылдамдықпен жылжып барады. Соның салдарынан алдағы күндері жауын-шашын мөлшері 250-320, ал таулы аймақтарда 900 миллиметрге дейін жетуі мүмкін.
Осыған байланысты, 300-ден астам әуе рейсі доғарылып, круиздік лайнерлердің қозғалысы тоқтатылды. Аралдың 8 қаласында мектептер мен жұмыс орындары жабылған. Супертайфун Шанхай қаласына да қауіп төндіріп тұр. Сондықтан, мегаполиске жақын маңдағы елді мекендерден 16 мыңнан астам тұрғынды эвакуациялау жоспарланып отыр.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО Алтай ауданында «Таза Қазақстан» акциясы өтті
10.09.2026, 17:37
Энергия ресурстарын тиімді пайдалану жұмысы күшейеді
10.09.2026, 17:35
Павлодарда макулатураны өңдейтін кәсіпорын салынып жатыр
10.09.2026, 17:33
Әке институты қоғаммен қатар өзгеріп келеді
10.09.2026, 17:30
Білімді ұрпақ – ұлт болашағының негізі
10.09.2026, 17:27
Қазақстанда микрохирургия мектебі бірінші рет ашылды
10.09.2026, 17:25
Ел және әлем жаңалықтарына қысқа шолу
10.09.2026, 17:20
Астанадан 200 бала шекара қызметіне аттанды
10.09.2026, 17:17