Филиппин аралдарында «денге» безгегінен жыл басынан бері 500-ге жуық адам қайтыс болды
Филиппин аралдарында масалар тарататын «денге» безгегінен жыл басынан бері 500-ге жуық адам қайтыс болды. Аурудың өршуіне байланысты ел билігі төтенше жағдай жариялады. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 2019 жылдың қаңтарынан бастап ауруға 115 мың адам шалдыққан. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 85 пайызға артық.
«Денге» безгегіне шалдыққан адамның басы ауырып, дене температурасы көтеріледі. Ал одан емделіп жазылған соң, екінші рет ауырғанда көп жағдайда өлімге әкеледі екен. Одан көбінесе балалар мен қарт адамдар зардап шегеді. Сондықтан жергілікті билік адамдарға масадан қорғанып, қауіпсіздік шараларын қолдануды ескертіп отыр.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін Құрылтай сайлауына орай жалпыұлттық онлайн-марафон өтіп жатыр
23.08.2026, 15:22
Биыл елге 3 млн турист келген
23.08.2026, 15:21
Байқаушылар заң бұзушылықтар болмауын қадағалап отыр
23.08.2026, 15:20
Дауыс беруге барлық жағдай жасалған
23.08.2026, 15:20
Өңірде 952 сайлау учаскесі ашылған
23.08.2026, 15:19
Қазақстан жаһандық инвестициялық рейтингте 17 сатыға көтерілді
23.08.2026, 15:15
Тікелей эфирдің тынысы
23.08.2026, 15:12
Президент: Қазақстан қарқынды құрылыс алаңына айналуы тиіс
23.08.2026, 15:11