Басты Жаңалықтар Президент: Қазақстан қарқынды құрылыс алаңына айналуы тиіс

Президент: Қазақстан қарқынды құрылыс алаңына айналуы тиіс

Соңғы жеті айда құрылыс қарқыны 15,3 пайызға өскен. Тек тұрғын үйдің есебін сараласақ 8,5 млн шаршы метр үй пайдалануға берілген. Бұл көрсеткішті жыл соңына дейін 20 млн шаршы метрге дейін  жеткізу жоспарланып отыр. Дегенмен саннан гөрі сапа маңыздырақ.  Қазақстан үлкен құрылыс алаңына айналуы тиіс деген Президент тапсырмасы қалай орындалып жатыр? Дәл қазір онлайн марафонда жүрген әріптесім Раушан Сайлауқызы бізбен тікелей байланысқа шығып, осы тақырыпты тарқатуға әзір.

Раушан Сайлауқызы, тілші:

Иә, таңнанан бері бұл алаңда талай тақырып талқыдан өтті. Соның бірі - Президент жүктеген міндет. Қазақстан қарқынды құрылыс алаңына айналуы тиіс. Биыл өздеріңізге белгілі құрылыс кодексі де қабылданды. Құжатта құрылыс сапасы мен қауіпсіздігін арттыру, мемлекеттік бақылауды күшейту, саладағы жауапкершілікті нақтылау және процестерді цифрландыруға басымдық берілген. Мінекей медиаалаң осындай салмақты тақырыптарды саралап көрермен назарына ұсынып жатыр. Онлайн марафон Медиа шара тек сайлау барысымен шектелмейді. Қоғамның өзекті мәселелері талқыланып, сарапшылар мен қоғам қайраткерлері пікір білдіреді. Елдегі ірі реформалар кеңінен сараланады. Әр салада жетістікке жеткен жандармен сұхбат жүргізіледі. Сонымен бірге викториналар мен интерактивті форматтар ұйымдастырылады. Touch Screen форматында әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер мен Қазақстанның халықаралық рейтингтердегі нәтижелері ұсынылады.. Жалпыұлттық online-марафонның трансляциясы 38 YouTube-арнада көрсетіледі. Сондықтан құрметті көрермен дәл осы шараны тікелей эфирде тамашалай аласыздар.
Бөлісу