Басты Жаңалықтар Өңірде 952 сайлау учаскесі ашылған

Өңірде 952 сайлау учаскесі ашылған

Еліміздегі ең көп сайлау учаскесі Түркістан облысында тіркелген. Өңірде қазір 952 сайлау учаскесі ашылып, жұрт жаппай өз таңдауын жасап жатыр.

Саурандық әжелер сайлау учаскесіне ұлттық киіммен келіп, комиссия мүшелері мен қала тұрғындарына ұлттық тағамдарын ұсынды. Әннен шашу шашып, сайлау учаскесіне келішулерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ал  түркістандық сайлаушылар түрлі анимациялық фильм кейіпкерлерінің киімімен келіп, дауыс берушілермен бірге суретке түсті. Базбір жүргізушілер таңдау жасауға арнайы  ретро көліктерімен жетті. Олар қала көшелерінде осы көліктерімен жүріп өтіп, түркістандықтарға ерекше әсер қалдырды. Бұл күні мүмкіндігі шектеулі жандар да сайлауға бір кісідей атсалысып, дауыс беруде.  Олардың келіп кетуі мен талапқа сай таңдау жасауына барлық жағдайлар қарастырылған.

Қайрат Бердіқұлов, Түркістан қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы: 

Түркістан қаласы бойынша 11 инватакси жәнеде 4 әлеуметтік такси, 6 сурдоаудармашылар қазір сайлау процесінде жұмыстар атқаруда. Сонымен қатар біздің әрбір сайлау учаскемізде пандустар, тактильді жолақтар, мүгедектерге арналған кабина жасалынып қойып, қазір жұмыс атқаруда.
Бөлісу