Қытайда лай көшкінінен 11 адам қаза тапты
Қытайдың оңтүстік-батысындағы Шуйчэн уезінде лай көшкіні жүріп, 11 адам қаза тапты. Тағы 30-дан астамы - жоғалғандар санатында. Апат салдарымен күресу үшін 247 өрт сөндіруші мен 300-ге жуық құтқарушы жұмылдырылған.
Мамандар үйінді астынан 22 адамды құтқарып үлгерді. Алайда, олардың тек 11-і аман қалды.
Тұрғындардың айтуынша, бас-аяғы 5 минут ішінде тау шыңынан алып тастар құлап, сел жүрген. Соның салдарынан 21 тұрғын үй қирады. Сонымен қатар, қауіпті айумақта қалып қойған 77 адам эвакуацияланды. Ал жоғалғандарды іздеу жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін Құрылтай сайлауына орай жалпыұлттық онлайн-марафон өтіп жатыр
23.08.2026, 15:22
Биыл елге 3 млн турист келген
23.08.2026, 15:21
Байқаушылар заң бұзушылықтар болмауын қадағалап отыр
23.08.2026, 15:20
Дауыс беруге барлық жағдай жасалған
23.08.2026, 15:20
Өңірде 952 сайлау учаскесі ашылған
23.08.2026, 15:19
Қазақстан жаһандық инвестициялық рейтингте 17 сатыға көтерілді
23.08.2026, 15:15
Тікелей эфирдің тынысы
23.08.2026, 15:12
Президент: Қазақстан қарқынды құрылыс алаңына айналуы тиіс
23.08.2026, 15:11