Сирияның Идлиб провинциясында әуе соққыларынан 60-қа жуық адам қаза тапты
Тағы 100-ден астамы жараланған. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының гуманитарлық мәселелер жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы хабарлады. Әуе шабуылдары қаланың бірнеше аудандарына жасалған. Аса жойқыны Маарет-эн-Нууман аумағында болды. Соның салдарынан кемінде 39 адам қаза тапқан. Олардың бесеуі – бала.
Жергілікті билік мерт болғандар саны өсуі мүмкін деп отыр. Себебі құлаған үйінділер астынан тұрғындарды құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. «Сирия азаматтық қорғаныс» ұйымы бұған Ресейдің әуе күштерін айыптады. Дегенмен, ресми Мәскеу Идлибте ешқандай әскери операциялар жүргізбегенін айтып, бұл айыптауларды жоққа шығарып отыр.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін Құрылтай сайлауына орай жалпыұлттық онлайн-марафон өтіп жатыр
23.08.2026, 15:22
Биыл елге 3 млн турист келген
23.08.2026, 15:21
Байқаушылар заң бұзушылықтар болмауын қадағалап отыр
23.08.2026, 15:20
Дауыс беруге барлық жағдай жасалған
23.08.2026, 15:20
Өңірде 952 сайлау учаскесі ашылған
23.08.2026, 15:19
Қазақстан жаһандық инвестициялық рейтингте 17 сатыға көтерілді
23.08.2026, 15:15
Тікелей эфирдің тынысы
23.08.2026, 15:12
Президент: Қазақстан қарқынды құрылыс алаңына айналуы тиіс
23.08.2026, 15:11