Үндістанда 10 миллионнан астам адам су тасқынынан зардап шекті
Үндістанда муссондық жауын-шашыннан болған су тасқынынан 10 миллионнан астам адам зардап шегуде. Соңғы мәліметтер бойынша, Ассам және Бихар штатында кемінде 166 тұрғын қаза тапты. Тағы бірнеше адам жоғалғандар санатында. Бір аптадай толассыз жауған жауыннан өзен суы рекордтық деңгейге көтеріліп, арнасынан тасыды. Салдарынан елді мекендерді су басып, жолдарды шайып кеткен. Табиғи апат 800-дей ауыл мен 20 мың гектар егін алқабына зиянын тигізді. Жергілікті билік тұрғындарды эвакуациялау жұмыстарын тынымсыз жүргізіп жатыр.
Дәрігерлер тасқынан кейін инфекциялық аурулардың жаппай таралуынан қауіптеніп отыр.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Аi-Sana бағдарламасы аясында 22 мыңнан астам жоба әзірленді
02.10.2026, 21:08
Жасанды интеллект кинофестивалінің қорытынды кезеңі басталды
02.10.2026, 20:33
Қорғалжынның 200-ге жуық тұрғыны экологиялық акцияға қатысты
02.10.2026, 20:32
Еңбек ері Зылиха Тамшыбаеваның 90 жылдығы атап өтілді
02.10.2026, 20:29
Астаналық педагог Қазақстанның ең үлкен картасын жасады
02.10.2026, 20:28
Ұстаздық еткен әулеттің еңбек өтілі 2 ғасырға жуықтайды
02.10.2026, 20:26
Сүт безі обырының алдын алуға бағытталған акция басталды
02.10.2026, 20:25
Вице-Премьер Қанат Бозымбаев Атыраудағы коммуналдық нысандардың жай-күйімен танысты
02.10.2026, 20:24