Гонконгта наразылық акциясы жалғасуда

22.07.2019

Гонконгта өткен наразылық акциясында демонстранттар полициямен қақтығысты. Билікпен рұқсат етілген шеру бейбіт басталған. Алайда, кейін бетперде таққан белсенділер жолдарды бөгеп, көлік қозғалысына кедергі келтірді. Сонымен қатар, полицияның штаб-пәтерін қоршап алған. Сондықтан тәртіп сақшылары көз жасаурататын газ бен резеңке оқтарды қолдануға мәжбүр болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шеруге 400 мыңнан астам адам қатысқан.

Халық экстрадиция туралы заңға наразылық білдіріп, қақтығыстар барысында полицияның күш қолдануына тергеу жүргізілсін дейді.

Осылайша, Гонконгтағы демонстрациялар жетінші аптаға ұласты. Жергілікті әкімшілік басшысы Кэрри Лам заң жобасын тоқтатқанын айтты. Дегенмен тұрғындар одан толықтай бас тартуды талап етіп отыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу