Ақтауда мұнайшылардың наразылық акциясы жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда мұнайшылардың наразылық акциясы жалғасуда

19.01.2017
Ақтауда «Oil Construction Company» серіктестігінің мұнайшылары наразылық акциясын әлі тоқтатқан жоқ. Олар аштық жариялап, судан басқа нәр татпауда. Талаптары біреу. Бәрі бірауыздан Лариса Харькованың басқаруындағы тәуелсіз кәсіподақтар конфедерациясы қызметіне тыйым салынбасын дейді. Бірақ, ұйым сот шешімімен жабылып қалған. Себебі, заң талабына сай олар 6 айда еліміздің 9 өңірінде бөлімшелерін ашуы тиіс еді.

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу